Сақтан жаман әдеттен
Бүгін 8 «А» мен 9 «А» сынып оқушыларымен бірігіп «Сақтан жаман әдеттен» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатын 8 сынып оқушысы Жантемирова Зарина дайындады. Жаман әдет жақсылыққа бастамайды және бүкіл ғұмырынызды құрдымға жібереді: «Ішімдікке құмарлық неліктен пайда болады?», «Темекі және оның зияндары», «Темекінің қаржылай зияны», «Шығыстың ұлы жыланы» туралы әңгіме қозғалды. Сынып сағаттың сонында қоғамдық жерлерде мінез-құлық, көшеде, жолда, паркта және басқа қоғамдық орындарда сақталатын ережелермен адамдардың мазасын қашыратын жаман және жағымсыз болған әрекеттерді ортаға салып бірнеше ситуациялық сұрақтарға оқушылар өз пікірлерін білдірді.