Мейірімділік – адам жанына жылу беретін күн сәулесі
«Өзін-өзі тану» пәнінің Республикалық он күндігін өткізу шеңберінде мектебімізде "Мейірімділік – адам жанына жылу беретін күн сәулесі», "Өнеге отбасынан" атты сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаттарында балалар өздерінің жасаған жақсы істері туралы сөз етті. Мейірімділік, сұлулық және адамның жаны туралы өз пікірлерін айтып, суреттермен жеткізді.