Ату сайыстары
7 ақпан күні №26 ЖОМ-де Кеңес әскерлерді Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған пневматикалық винтовкадан ату бойынша сайыстар өтті. Оған ауған ардагерлері шақырылды. Сайысқа қаланың № 4,7,17,21,24,42,26, КСОШ жоғары сынып оқушылары қатысты. Ардагерлер осы шараның әскери-патриоттық тәрбиесіндегі маңыздылығын атап көрсетті. Бозбалалар мен бойжеткендер атудан жақсы нәтижелер көрсетті. Командалық есепте бірінші орынға №21 ЖОМ иеленсе, 2 орынды – КСОШ, 3 орынды – №4 ЖОМ алды. Қыздар арасында оқушымыз Татьяна Заболотских жеке есепте 2 орынға ие болды.