Біздің мектептегі коуч-сессия
Заманауи білімді жаңғырту бағыттарының бірі – талантты және дарынды балаларды оқыту. Бағдарламаның 2 деңгейін жүзеге асыру шеңберінде 12 ақпан күні мектебімізде «Оқушылармен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» коуч-сессия өткізілді. Мектебіміздің белсенді мұғалімдері сабақта зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жүйесімен таныс болды.