Математика бойынша үздік дәптерлер
Математика бойынша 5 «Б» және 5 «Г» сынып арасындағы үздік дәптерлер байқауы аяқталды. Дәптерлерін ұқыпты ұстаған және жұмыстарын сауатты орындаған 5 «Б» сынып оқушылары жеңімпаз болып атанды. Алёша Стяжкиннің, Люба Суслованың, Дима Козловтың және Галя Польшинаның дәптерлерін ерекше атап көрсету керек. Жарайсыңдар!
математика мұғалімі: Тихонова Ольга Павловна