Әліппемен қоштасу
21 ақпан күні бірінші сынып оқушылары үшін 1 «В» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Нина Николаевна Борецкая «Әліппемен қоштасу» мерекесін өткізді. Сонымен қатар 1 «Б» және 1 «Г» сынып оқушылары да ат салысты. Балалар жарты жыл ішінде алған білімдерін ортаға салды: өлеңдерін оқып, ән шырқап, би биледі. Мәжіліс залындағы сахнаға алғаш рет шыққан бірінші сынып оқушылардың өнерлеріне ата-аналары да, мектеп мұғалімдері де риза болды.