18-19 қыркүйек күндері мектебімізде І,II ауысымдардың ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1 сыныптар үшін – Бірінші сынып оқушылардың мектепке бейімделу қиыншылықтары.
2-4 сыныптар үшін – Отбасында балаларды қолдау және жазалау.
5-11 сыныптар үшін – Балаларға тәрбие беру бойынша ата-аналардың құқықтары мен міндеттері. Мектеп жарғысы.
Сынып жетекшілер ата-аналарды мектеп жарғысының көшірмесімен таныстыра отырып, мектеп формасы мәселесіне ерекше назар аударды.
«...Мектеп формасы
Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығы:
Пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде, күнделікті кию үшін ашық көгілдір түсті жейде (қыс мезгілінде: көк түсті трикотаж жилет, ақ немесе ашық көгілдір түсті водолазка)
Қыздарға арналған мектеп формасының жиынтығы:
Пиджак, жилет, шалбар, офис түріндегі ақ және ашық көгілдір түсті классикалық блузка, (қыс мезгілінде: көк түсті трикотаж жилет, ақ немесе ашық көгілдір түсті водолазка, сарафан), тақасы 3см-ден аспайтын туфли.
Сондай-ақ басқа да мәселелер қарастырылды (кабинеттердегі терезелерді бітеу, ағымды үлгерімі т.с.с)