Сәтті кез
12 маусым күні тобымызда білімдар клубының «Сәтті кез»интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынға «Ұшқындар», «Өзіңді танып біл» және «ЗОЖИК» топтары қатысты. Балалар берілген сұрақтарға аса қызығушылықпен жауап бере алды. («Денсаулық бағдаршамы», «Ребустар», «Иә-жоқ» т.б.). Барлық топтар аса белсене қатысып, жетістікке талпынды. Қорытынды бойынша достық жеңді. Соңында әр адам өзінің денсаулығына жауапты болу керек деген қорытындыға келді.