Уақытты босқа өткізбей....
Күн сайын ұйқыдан тұрған соң, тәрбиешілерімен бірге уақытымызды босқа өткізбейміз. «Білімпаз» тобының тәрбиешілері «Ертегілер әлемінде», «Түрлі әріп білемін», т.с.с танымдық викториналарды өткізсе, «Зожик» тобында күн сайын салауатты өмір салты туралы тақырыптық бес минут өткізіледі: «Мойдодырға қонаққа бару», «Дені саудың жаны сау», «Зиянды әдеттер» және т.б. Көбінесе таза ауада ойын ойнауды ұнатамыз. Тәрбиешілердің дайындаған қызықты ойындарына белсене қатысамыз.