«Жасыл Ел» Республикалық бағдарламасы
Бүгін «Нұр Отан» партиясы және «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен Павлодар облысында «Жасыл Ел» Республикалық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облысы әкімі Қ.А.Бозымбаевтың және «Жасыл Ел» Республикалық штабының жетекшісі Р.М.Хамидуллиннің қатысуымен студенттердің және жастардың «Жасыл Ел» құрылыс пен еңбек жасақтарының 2014 жылғы маусымның салтанатты ашылуы өтті.
№26 ЖОМ екінші маусымның еңбек жасағының оқушылары да қатысты. Еңбек жасақтары облыстың әр ауданынан келді. Облыс әкімі және «Жасыл Ел» штабының жетекшісі барлықтарын жұмыстың басталуымен құттықтады.