Алақай, каникул!
Алақай, каникул! Кеше каникулдың алғашқы күні болды. Біз Нина Николаевна Борецкая мұғалімімізбен бірге циркке барып демалуды жөн көрдік. Клоундар, маймыл мен қонжықтың өнерлерін аса қызығушылықпен тамашаладық. Әсіресе, гимнаст қыздың өнері өте ұнады! Каникулдың бірінші күні көңіл-күйіміз керемет болып жақсы демалдық!