Мектептегі АКТ бірге ...
11 сәуір күні 2 «В» 3 «В» және 4 «В» гимназиялық сыныптардың оқушылары информатика пәні бойынша «Бобрик 2014» және «Бобёр 2014» халықаралық байқауына белсенділікпен қатысты. Байқаудың басты мақсаты – мектептің алғашқы күндерінен бастап оқушылардың ақпараттық – компьютерлік технологияларына (АКТ) деген қызығушылықтарын арттыру. Оқу үдерісінде заманауи технологияларын аса қарқынды және шығармашылықпен қолдануы көзделген.
Логикаға арналған 12-14 тапсырманы орындаған оқушылар өз жауаптарына сенімді. Байқау қорытындысын күтуде. Сендерге сәттілік тілеймін!