Ағылшын тілі сабағында формативтік баға беру түрі - «Бағдаршам»
Ағылшын тілі мұғалімі И.В.Малютина өзінің сабақтарында баға берудің дәстүрлі және жаңа тәсілдерін қолданады. Формативтік баға беру - оқытуды жақсартудың мүмкіндіктерін анықтауға, осы мүмкіндіктерін жүзеге асырудың әдістері мен түрлеріне бағытталған. Формативтік баға беру – оқушыларға көмек беруде оқытудың бір бөлігі – мақтау, ишарат білдіру, өздігінен бағалау. Бұл әдіске «Бағдаршам» жатады. Оқушының әрқайсысында бағдаршамның үш түсі бар кеспе қағаздары бар (түсінікті – жасыл, сұрақ бар – сары, түсініксіз – қызыл).