Дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында...
Бүгін, 2017 жылғы 20 қаңтар күні Білім беру басқармасының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес дарынды балаларды анықтау және қолдау, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Ертіс дарыны» қосымша білім берудің аймақтық оқу – әдістемелік орталығы 3-10 сынып оқушылары арасында ХІ облыстық интеллектуалдық марафон өткізді. Бұл шараға оқушыларымыз белсене қатысты. Үздік нәтижелерді асыға күтеміз!