Құттықтаймыз!
Пәндік олимпиада талантты жастарды анықтап оларды қолдауға және білімнің әлеуметтік мәртебесін арттыруға көмектеседі.
8 желтоқсан күні Павлодар қаласының №37 ЖОМ негізінде қазақ және орыс тілдерінде жалпы білім берудің 15 пәні бойынша оқушылардың қалалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға мектепішілік олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Қазақ тілі бойынша қалалық олимпиадасының жүлдегері мектебіміздің 9 сынып оқушысы Диана Малютинаны (3 орын) және орыс тілі бойынша қалалық олимпиадасының жүлдегері мектебіміздің 10 сынып оқушысы Ирина Романованы құттықтаймыз! (3 орын).
Жеңістерің құтты болсын! Оқуда сәттілік тілейміз!