Мир, который нужен мне...
Мектебімізде жетім және ата – ананың қамқорлығынсыз қалған 12 бала бар. 20 – 29 қазан күндері мектепте Қамқоршылар күніне арналған іс – шаралар өтті. Мереке аясында 20 қазаннан бастап 28 қазанға дейін апта бойы түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылар арасында «Менің отбасым» тақырыбы бойынша балалардың суреттер көрмесі және «Маған керек әлем» атауы бойынша фото көрме ұйымдастырылды. Оған жоғары сатыдағы сыныптық ұжымдар қатысты. 5 – 7 сынып оқушылары «Туған туыстар мен жақындар» тақырыбы бойынша шығарма жазды. Онда олар өз отбасы жайлы сөз етті.
Мектеп психологы «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді. Онда ол отбасының өзара қарым – қатынас мәселелерін қозғады. Іс – шара барысында отбасылық тәрбие берудің өзекті мәселелері, әкенің, әже мен атаның рөлін арттыру туралы мәселелер талқыланды. 2016 жылғы 29 қазан күні мектебімізде жетім балалар мен ата - ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алған жандар үшін «Қамқоршылар күні» мерекесі өткізілді. Аталған мерекеге 9 қамқоршы жандар қатысты.
Қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар өздерінің аса жақын және туған адамдарына деген алғыс сөздерін бейнеролик арқылы білдірді Қазіргі заманда қиыншылықтарға төзе білген, жетім балалар мен ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасының тәрбиесіне алған қамқоршы жандарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Қонақтардың назарына балалардың өз қолымен жасалған жұмыстардың шығармашылық көрмесі ұсынылды.