Өмірдің болғаны қандай тамаша!
5 қазан күні СӨС үйлестіруші Н.В.Луб және мектеп психологы И.И.Иовенко пед.ұжымның мүшелері арасында «Өсіп келе жатқан ұрпақтардың психикалық және психиологиялық денсаулығы» атты диспут ұйымдастырып жүргізді.
6 қазан күні мектепте «Өміріме ғашықпын!» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Онда мектеп пен үйдегі психологиялық жағдай мәселелері қаралды.
7 қазан күні мектеп психологы «Психикалық денсаулық және салауатты өмір салты» бойынша дөңгелек үстел өткізді. Оған 5 – 8 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. 7 қазан күні «Өміріңде қуаныш сыйлайтын нәрсенің суретін сал» суреттер сайысының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.
8 қазан күні 5 сынып оқушылары мектептің хореограф мұғалімімен ұйымдастырылған «Өмірдің болғаны қандай тамаша!» атты флешмобына қатысты.
Он күндіктің қорытындысы ретінде бейімделу орталығының психологы В.Ю.Шамсутдинова 11 сынып оқушыларымен бірге «Мен және біз. Өзін – өзі реттеу» тренинг сабағын өткізді.
