34 градус ыстық болса да, «Айгөлек» лагерінде Нептун күні өтті. Балаларға арнап қызықты сайыстық бағдарлама ұйымдастырылған болатын. Балалар өздері алдын ала дайындаған өнерлерін көрсетті. Әсіресе, Судың көмегімен өткізілетін эстафета қызықты болды. Әдемі жасалған костюмдер, керемет көңіл - күй көпшіліктің көңілінен шықты.