10 МАУСЫМ – ҮНДІЛЕР КҮНІ!
10 маусым күні мектеп жанындағы «Айгөлек» лагерінде
«Үнділер күні» өтті.
Аталған іс – шараның аясында «Охотники за Тотемом» ойын сайысы өткізілді. Балалар өз қолдарымен үнділер костюмін жасап киді. Өз ойларынан салттық биін де ойлап шығарды. Тәрбиешілер – шамандар әр станцияда үнділерге бірнеше сынақтан өтуін ұсынды. Балалар берілген сынақтардан сүрінбей өтіп сыйлықтар алды. Әсіресе, «Следопыт» аялдамасы өте ұнады. Онда суреттер арқылы әр қатысушы аңдардың ізін тауып алу керек болатын. Ұпай сандарын көп жинаған 4-ші топ жеңіске жетті.Құттықтаймыз!