Балалар тым әуес болып келеді. Оларды үнемі жаңа сюжеттер мен кейіпкерлер қызықтырады. Олардың ойын қанағаттандыру үшін мектеп жанындағы лагерь тәрбиешілері Д.Багаев атындағы мұражай үйіне барды. Балалар үшін жаңа әлем ашылды.
Мұражай 2001 жылы 30 қаңтар айында ашылды. Мұражай Павлодар облыстық Г.Потанин атындағы тарихи – өлкетану мұражайдың филиалы болып табылады. Аталған үйде Павлодар Ертіс өңірінің өлкетанушысы, шежіреші, Облыстық тарихи-өлкетану мұражайдың негізін қалаушы, алғашқы директоры, атақты фотограф, Қазақстаннан тыс елдерге танымал Дмитрий Поликарпович Багаев тұрып жұмыс істеді. Мұражайда шебердің киімдері, өткен жылдардағы фотоаппарат сондай-ақ, ең бастысы оның шығармашылық мұрасы – жарты ғасырдан астам өлке тарихын түсірген фото суреттері сақталған.
Павлодар қаласындағы бұл бір ғана мемориалды мұражай, Қазақстандағы фотографтың бір ғана мұражайы.