11 қараша күні «Айналайын» шағын орталығының даярлық «А» тобының балалары «Кім күшті» ертегісінен көрініс қойды. Балалар өздеріне берілген рөлдерін тамаша сомдап шықты. Балалардың дауыс ырғақтары да тиісті деңгейде қойылып, ойнай алды.Ертегі соңында қойылған мақсатқа жете білдік, өйткені, даярлық топтың балалары ертегіні түсініп, мазмұндап бере алды.