Золотая осень
21-қазан күні «Айналайын» шағын орталығы даярлық «А» және «Б» топтарында күзге арналған «Алтын күз» мерекесі аталып өтті. Мерекенің басты мақсаты: Күз – дам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Міне, осы мәліметті балаларға жеткізу басты міндет болып табылады. Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Балаларды еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбилеу және ата-аналарды шағын ортылықтың өміріне қатыстыру. Балалар мерекеде өте көңілді болды, өйткені, балалар күзге арнап өлеңдері мен әндерін айтты. Сонымен қатар, кейіпкерлерде қатысты. Осы кейіпкерлер балалар арасынан шықты, өздері ойнады. Суретші де, жел де, аяз да, жаңбыр да болды. Даярлық «А» тобының балалары ағылшын тілінде ән мен тақпақтарын айтты. Мерекенің басты кейіпкері Алтын күз келіп балалардың көңілдері одан әрі көтеріп, ойындар ойнатқызды. «Галоштармен жүгіру», «Бұл қандай жеміс?», «Жапырақтар» деген ойндар ойнатылды. Алтын күз ханшайымы балаларға өз сыйлықтарын берді. Балалар да, ата-аналар да көңілді, мәз-мейрам, жақсы ниетте болды. Бүгінгі мерекеде ата-аналар қатысып, өз жылы лебіздерін білдірді.
