Who is the best, who is the first?
Қазанның 13-ші күні 8 «А» сыныбында ағылшын тілінен «Who is the best, who is the first?» сабақ сайысы өткізілді. 8-ші сынып оқушылары екі топқа бөлініп өзара сайысқа түсті. Сабақта балалардың шығармашылық қабілеттері іс – әрекеттері, сабаққа деген қызығушылықтары байқалды. Бір – бірін топта бағалай білді. Топпен жұмыс істеу белсенді байқалды. «The best» және «Friends» болып екі топқа бөлінді.Сабақта балалар белсенді жұмыс істеді: ағылышын тілінде жұмбақтар, мақал-мәтелдер, өлеңдер айтылды және де өз топ аттарын ағылышын тілінде қорғай білді. Яғни, балалар ағылшын тілінде толық мөлшерде сөйлеуге тырысты. Оқушыларға сабақ ұнады және келешекте сайыстарға белсенді қатысулары жөнінде айтты. Ағылшын тілінің мұғалімі: Садыкова Д.Б.