Білім күні – бұл алғашқы қоңырау мен қобалжу күні, балалардың қолындағы шоқ гүлдер мен шаштарына тағылған ақ банттар. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттап жатқан балалар үшін көптен күткен күн.
Дәстүр бойынша 1 қыркүйек күні мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізіледі. Жазда демалып күнге күйген барлық балалар мектеп ауласына қайта жиналды. Олар сыныптастармен, сынып жетекшілер- мен және сүйікті мұғалімдермен қауышқанына риза. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының гимні шырқалды. Білімді болу – бұл әркімнің болашағы, еліміздің болашағы.
Мектеп директоры Любовь Анатольевна Щербакова оқушыларды жаңа оқу жылының басталумен құттықтап оларға оқуда табыс тіледі. Сондай – ақ, ол білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұнымен таныстырды.
Мектептегі соңғы 1 қыркүйек күнін асыға күткен болашақ түлектер үшін бұл күн ерекше. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім жолын қууға бірінші сынып оқушылары да келді. Бұл күні өлеңдер оқылып, әндер шырқалып, құттықтау сөздер мен тілектер айтылды. Көптен күткен алғашқы қоңырау да соғылды.
1 қыркүйек мерекесі – үнемі ұмытылмас, қуанышты, әрі қобалжитын күн. Оқушылар мен мұғалімдерге тілейтініміз осындай қуанышты күндер мектепте көп болсын. Жаңа оқу жылы жемісті болсын, жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық пен жетістіктер тілейміз!