2017 жылдың 10 қазан күні республикалық «Жылдың үздік психологы» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Аталған байқау психологтардың кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық әлеуетін іске асыруға, білім берудің тәжірибелік психологияның қызметін дамытуға, отандық білім берудің бәсекелестік қабілетін, тиімділігін, гуманистік бағытын арттыруға ықпал ететін білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде психологиялық білімдерін насихаттауға бағытталған.
Байқаудың басты шарты – дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы психологтардың шығармашылық жұмысы нәтижелерімен, психологиялық-педагогикалық идеяларымен, тәжірибе және жобаларымен алмасу.
Әділ қазылардың шешімі бойынша «Жылдың үздік психологы» атанып және І орынға ие болған Жазира Пишембаевна Омарханова.
Психологтың бойында дарындылық, қарым - қатынастық, еркін-эмоционалдық тұрақтылық, дипломатиялық, алғырлық, өзін-өзі бақылайтын, тілектес, әдептілік, жауапкершілік, шыдамдылық қасиеттері байқалады.
Біз әріптесімізді осы жеңіспен құттықтаймыз!