Құқықбұзушылықты алдын алу бойынша айлық өткізу (1 – 31 қазан) және Құқықтық білім беру апталығы аясында, 6 «А» сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын тәрбиелеу мақсатында «Құқығым бар, бірақ міндеттімін» атты дөңгелек үстел жүргізілді. Онда оқушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері жайлы сөз етілді. Оқушылар «Қарыз», «Жауапкершілік», «Бостандық» сияқты түсініктерін талқылады. Адамның құқығы декларациясынан, бала құқықтары бойынша конвенция, Ата заңынан және Мектеп жарғысынан үзінді оқылды. Оқушылар көрініс кейіпкерлердің бұзған міндеттері мен құқықтарын түсінді. Іс – шара соңында сауалнама жүргізіліп, келесі ережелер бекітілген болатын:
1. Сенің құқығың бұзылмас үшін өзгенің құқығын бұзба;
2. Өзінен басқа өзгенің де құқықтары бар екенін ұмытпа;
3. Өзің құрметке лайық болғың келсе, өзгелерді де құрметте.
6 «А» сынып жетекшісі Л.С.Терейковская