Экология апталығын өткізу аясында мектебімізде 7 сынып оқушылары арасында дебат өткізілді. «Еліміздегі бар вулкандар – бұл туризм үшін экономикалық ресурс немесе экономикалық және әлеуметтік шығындар көзі» мәселесі көпшілігін толғандырды. Дебат қатысушылары интернеттен қосымша ақпарат іздеп, өмірлік тәжірибесіне сүйеніп өз пікірлерін дәлелдеді. Бұл технологияны география сабақтарында қолдануға болады:
–ішкі мотивацияға негізделген оқушы оқу–танымдық ізденіс жұмысына тартылады;
–мұғалім мен оқушылар арасында ғана емес, жаңа білім игеруде оқушылар арасындағы диалогтік қарым – қатынас құрылады.
Осындай дебат жұмыстары қатысушының өзіне баға беруге және дүниетанымдық көзқарасы позициясын білдіруге көмектеседі. Дебат қатысушылары аса коммуникативті мәдениетті, кез келген жағдайда шешім қабылдай алады.
Дебат ойындары қатысушылардың еркіндігін, еске сақтау, салыстыра алатындай ойлау қабілетін, талдау, ұқсастықтарын табу, ақпаратты өз бетімен тауып алу және оны талдау қабілеттерін дамытады.
география пәнінің мұғалімі Л.С.Терейковская