Жер аясының өзара қарым – қатынасы...
Экология апталығы аясында мектебіміздің 5 сынып оқушылары үшін ғылыми зертхана жұмыс жасайды. Тәжірибелік алаңының бірінде қызықты жұмыс өтті. Жердің сыртқы қабықтары – атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера екені белгілі. Олар өзара бір – бірімен байланысты. Негізгі құрамы – газ, сұйық және қатты заттар араласып басқа күйге ауысады.
Тәжірибе арқылы оқушылар литосфера, атмосфера және биосфераның өзара үнемі байланыста болуын көреді. Биология пәнінің мұғалімі Аслима Ризолловна Медетова тәжірибе және бақылау арқылы оқушыларға Жердің барлық қыртысының жан–жақты өзара байланысты екенін дәлелдеуге көмектесті.
география пәнінің мұғалімі Л.С.Терейковская