Оқушыларды ұжымдық–шығармашылық жұмысына тарту, олардың белсенділігін арттыру, мектептегі дәстүрлерді одан әрі жетілдіру, сондай – ақ, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында мектепте 26 және 27 қазан күндері 5–7 және 8–11 сынып оқушыларына арналған «Күз ханшайымы–2017» атты шоу ұйымдастырылды. Аталған байқауға қатысқан әрбір қатысушы ерекше нәзік, әрі қайталанбас тұлға.
Ұйымдастыру кезеңінен соң келесі бағдарлама бойынша өткізілді:
1) Таныстыру (1 минут ішінде қатысушылар өзін таныстырады)
2) «Интеллектуалдық байқау» (сұрақтарға жауап беру арқылы қатысушының эрудиция қабілеті сыналады)
3) «Шығармашылық» (өз таланттылығын дәлелдеу)
Бағдарламаның осы соңғы кезеңіне ерекше көңіл аудару қажет. Қатысушылар өзінің шығармашылық өнерін жоғары деңгейде көрсете білді. Сахнада би билеп, өлеңдер оқылып, ән шырқалды.
Байқаудың әр кезеңінде жанкүйерлер – сынып жетекшілердің жетекшілігімен сынып ұжымдары қатысушыларға қолдау көрсетті.
Әділқазылар мүшелеріне де шешім қабылдауға оңай болған жоқ. Қатысушылардың әрқайсысы бір аталымға ие болды. Шара соңында музыкалық фотосессия өткізілді.
Құттықтаймыз!