Қазіргі уақытта оқушылардың сырқаттану себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау. Өкінішке орай, оқушылардың басым бөлігі өз денсаулығына немқұрайды қарайды. Сондықтан 6 «А» сыныбында конференция – сынып сағаты өтті. Біз «сараптамашы», «медбике» және «диетологтарды» тыңдадық:
1. Микроэлементтер және азық–түлік тағамдары туралы
2. Дәрумендерге бай азық – түліктер туралы
3. Тұтыну бойынша азық – түліктерді шартты түрде бөлу туралы
4. Оқушының рациондық калориясы туралы
Дұрыс немесе рационалды тамақтану – ол пайдалы азық–түліктермен тамақтану ғана емес, дұрыс режим сақталуында, яғни, өз мөлшерін біліп уақытында тамақтану маңызды. Дұрыс тамақтануда таңғы ас ерекше рөл атқарады. Дәрумендерге толы таңғы ас оқушының күні бойы жұмысына оң әсерін тигізеді.
6 «А» сынып жетекшісі: Л.С.Терейковская