Құттықтаймыз!
2017 жылғы 8–9 қараша күндері Алматы қ. «Алатау» сауықтыру кешенінде жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп мұғалімдеріне арналған «Үздік авторлық бағдарлама – 2017» атты республикалық байқау өтті. Аталған байқауға Қазақстанның 276 мұғалімі, соның ішінде Павлодар облысынан 23 мұғалім қатысты. Конкурстық материалды қорғау нәтижелері бойынша мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Надежда Александровна Стремцова «Өз ісінің шебері» атты аталымға ие болды.