Құттықтаймыз!
Тұңғыш Президент күніне орай 2017 жылғы 25 қараша күні Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 5 – 6 сынып оқушылары үшін жиынтық олимпиада жұмыстары жүргізілді. Олимпиада қатысушыларына жиынтық және құрылымдық тапсырмалар – түрлі бағыттағы бойынша жеке мәтіндер, математикалық талқылау, қорытынды жасау іскерліктерін анықтайтын түрлі тапсырмалар берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша 46 қатысушы жүлделі орындарға ие болды.
Мектебіміздің 6 «А» сынып оқушысы Ангелина Братченко І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Осы жеңіспен құттықтаймыз және облыстық жиынтық олимпиадада табыс тілейміз!