15 мамыр күні мектебімізде «Білімді ұлт – оқыту сапасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбы бойынша бірыңғай жалпы ұлттық ата–аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры Любовь Анатольевна Щербакова ата – аналар алдында сөз сөйледі. Оқу – тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Анар Төлегеновна Сачанова оқу жылының қорытындысын және мектеп оқушыларының жетістіктерін ұсынды. Сонымен қатар ол 11 сыныптарда өткізілетін қорытынды аттестаттауға қатысты болашақ түлектері ата–аналарының қойған сұрақтарына жауап берді. Тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары Салтанат Тоқтарбайқызы Омарова оқушыларға тәрбие берудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы сөз етті. Осындай форматта жүргізілген жұмыстар ата–аналардың мектеп мәселелерін шешуде белсенділігін едәуір артады.
Білімді ұлт – оқыту сапасы және отбасылық құндылықтар...