Робоспортшылар...

17 мамыр күні Павлодар көлік және коммуникация колледжінде облыстық «KazRoboSport» атты робототехника фестивалі өтті. Фестивальге мектебіміздің «Атом» командасы қатысты. Команда құрамында 7 «А» сынып оқушылары Декскаймер Максим және Малютин Александр. Олар жарты финалға өтіп, үздік бестік қатарынан көрінді. Сертификаттарға ие болды. Робототехника бойынша үйірмесінің жетекшісі Марина Валерьевна Матвеева Алғыс хатпен марапатталды.