Оқу жылының аяқталуына аз уақыт қалды. Бастауыш мектепті бітіретін оқушылар алғашқы бітіру кешін күтуде. Төртінші сынып оқушылары бастапқы төрт жыл бойы оқытып тәрбие берген алғашқы мұғалімімен және бастауыш мектеппен қоштасуда.
2018 жылдың 23 мамыр күні барлық төртінші сынып оқушыларына арналған «Қош бол, бастауышым!» атты мереке ұйымдастырылды. Бұл мерекеге түлектердің ата – аналары, ата – әжелері және сүйікті мұғалімдері шақырылды. Балалар сахнада өз өнерлерін көрсетіп ән айтып, өлең оқып, би биледі. Мектеп директоры Любовь Анатольевна Щербакова төртінші сынып оқушыларын және олардың ата – аналарын бастауыш мектеп бітіруімен құттықтап, оқудың келесі кезеңдерде мол табыс тіледі. Үздік оқыған оқушыларға мақтау қағаздарын табыс етті. Аталған мереке қызықты, әрі көңілді өтті. Мереке қонақтары жақсы әсер алды.