Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні...
31-05-2018 12:04
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні...

Саяси қуғын-сүргіндер күніне арналған митинг бір минут үнсіздікпен басталды. Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Сталин режимінің ессіздігінен миллиондаған адам жазықсыз жапа шекті. Олардың ішінде қазақ елінің де көрмеген құқайы жоқ. Ұлтымыздың бетке ұстар азаматтарымен қоса олардың жарлары, балалары атылды, асылды. Қанқұйлы саясат қазақты қынадай қырды. Содан бері бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, халық әлі ата-баба қасіретін ұмытқан емес. Осыған орай бүгін еліміздің барлық өңірінде қаралы жиындар өтті. Бүгін тұтас Қазақстан күңіренді. Ашаршылық пен қуғын-сүргінде шейіт болғандарды еске алып, азат тұтты. Солақай саясаттың құрбаны болғандардың ұрпақтары енді осы тас мүсінге тәу етеді.