Аса қызықты және танымды күні...
Мектеп жанындағы «Айгөлек» лагерінің балалары Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткізілген экскурсияға қатысты.
Тәжірибелі экскурсия жетекшісі өлкеміздің бұрынғы және қазіргі тарихымен, салт-дәстүрімен, қолөнерімен таныстырды. балалар залдағы экспонаттарға аса қызығушылық танытты (мамонт с.йегі, бұғы, үңгірдегі аю т.б.).Сонымен қатар Павлодар облысында мекендейтін жануарлар, құстар, балықтар мен жәндіктер жайлы мәлімет алды. Археология залында қару-жарақтар, күмістен жасалған бүйымдар, киіз үй, қолөнершілердің былғарыдан жасаған бұйымдары, музыкалық аспаптар жақсы іһәсер қалдырды. Бұл мұражайда 72 мыңнан астам экспонаттар бар. Балаларымыз үшін бұл аса қызықты және танымды күні болды.