Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас ,
Үйретуден балаға.
Жылдағыдай мектебіміз өз шәкірттерін құшақ жая қарсы алды. 1 қыркүйекте дәстүрлі Білім күнінің құрметіне салтанатты линейка өтті. Бұл күнді оқушылар тағатсыздана күтті. Жаздай жақсы демалған шәкірттер сыныптастарын, ұстаздарын, мектебін көруге асықты.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, оқушылармен ата-аналар түрлі түсті шоқ гүлдерімен мектептің мәжіліс залына жиналды. Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Оқушылар Әнұранды мақтаныш сезіммен орындады. Келешек жастардың қолында екенін жүректері сезетін сияқты.
Бірінші қоңырау күні ашық – деп мектеп директоры Любовь Анатольевна Щербакова жариялады. Өзінің құттықтау сөзінде оқу – инемен құдық қазғандай екендігін, оқу еңбегінде шыдамдылық керектігін айта отырып, биылғы оқу жылы барлықтарыңа оң нәтижелі, шығармашылық табыстарға толы, рухани бай болсын деді. Бүлдіршіндер жаттаған өлең шумақтарын айтып, келесі кезекті мектеп түлектері әсем әнмен жалғастырды.
Биылғы жылы алғашқы қоңырауды 11 «А» сынып оқушысы Граков Глебпен 1 сынып оқушысы Төлеген Іңкар соқты. Білім күні сынып сағаттарымен жалғасын тапты.
Бірінші қыркүйек мерекесі әрқашан есте қалатын ерекше күн. Оқушылармен ұстаздарға тілейтінім 1 қыркүйек күніндегідей әрқашан көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын. Биылғы оқу жылы баршамызға шығармашылық табыс әкелсін.