Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Еркін күрестен спорт шеберлерімен кездесу...
21-01-2019 12:13
Еркін күрестен спорт шеберлерімен кездесу...

№26 ЖОББМ түлегі Богатырев Ислам Адамовичпен, еркін күрестен спорт шебері, 2014 жылғы Азия ойындарының жүлдегері, 2018 жылғы ҚР чемпионы, 2016 жылғы Рио - де-Жанейро жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2017 жылғы Парижде өткен әлем чемпионатының қатысушысымен кездесу  2019 жылы 19 қаңтарда сағат 10.00-да болып өтті.

Бұл іс - шараның мақсаты: оқушыларды табандылыққа,мақсатшылдыққа, еңбексүйгіштікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Атақты спортшымен кездесуге 5-10 сынып оқушылары келді. Балалар импровизациялық баспасөз конференциясына қызығушылықпен кірісіп кетті. Бұл кездесуде мынадай сұрақтар қойылды: Еркін күреске қызығушылық неден басталды? Ең қиын шайқас қандай шайқас болды?  Чемпион жаттығуды үнемі жасай ма? Сіз интернеттен теріс пікірлер оқисыз ба? Сіз бұл туралы не айта аласыз? Салмақты қалыпты ұстап, дұрыс тамақтану қиын ба? Жеңіске қалай жетуге болады? Осы сұрақтар оқушыларды қызықтырды. Ислам Адамович, өз кезегінде, спорт пен тәртіп жаңа міндеттерді шешу үшін аса қажет сипатты шынықтыру екенін, болашаққа деген жоспарларымен, сондай-ақ спортпен шұғылданудың қалай маңызды екенін айтып өтті. Өйткені, спорт адам өмірінде үлкен маңызға ие, спорт денсаулықты сақтауға және нығайтуға мүмкіндік береді,жеңіске деген ерік-жігерді, батыл және басқа да адамгершілік қасиеттерді тәрбиелейді.

Ислам Адамович оқушылардың спорттық жетістіктерге деген қызығушылығын өзінің тартымды әңгімелері арқылы арттырды.

Кездесу еркін күрестен мастер-класспен аяқталды, Ислам Адамович осы спорт түрінің ең қарапайым тәсілдерін көрсетті, балалар қызығушылықпен тыңдады және өз жерлестеріне еліктеуге тырысты. Оқушылардың Қазақстан Республикасының даму жолында,оны үлкен жауапкершілікпен сезінетін белгілі спортшылар болатындарына сөз берді.