Экоboom...
Көптеген адамдар, балалар қыс мезгілінде құстарды тамақтандырады. Ол жай ғана әрекет емес. Өйткені, қыста оларға өз қоректерін табулары қиын. Ал егер, құс түні бойы аш болса, онда олар таңертеңге өмір сүре алмайды. Ал олардың бізге тигізер пайдасы өте зор. Мысалы: жәндіктер-зиянкестерді жойып, әсем әндерімен біздерді қуантады. Олай болса, осындай қиын-қыстау сәтте оларға неге қол ұшын бермеске? Біздің мектептің оқушылары қанатты достарымызға қамқорлық көрсетеді.