Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қамқорлық" акциясы
13-02-2019 07:39

Біздің мектептің ата-аналары мен педагог ұжымы үшін "Қамқорлық" акциясы дәстүрлі болды және ол  жылдағыдай  қаңтар айында емес, желтоқсан айының соңында басталды.

Жаңа жыл қарсаңында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар алу жақсы дәстүрге айналды. Осы оқу жылында 1"Б", 1"Г", 2"В",3 "А" және 3 "Б" ата-аналары демеушілік көмек көрсетті. Жаңа жылдық сыйлықтарды біздің мектептің 83 оқушысы алды.

"Қамқорлық" акциясы барысында ата-аналар шет қалмады жәнеқолдан келгеншекөмек көрсетті. Демеушілік көмектің жалпы сомасы 115 000 теңгені құрады,бұл сомаға азық-түлік, сабын жуғыш құралдар, кеңсе тауарлары, рюкзактар, аяқ киімдер, жаңа киімдерсатып алынды. Акция барысында ата-аналар балаларға ойыншық сатып әперу туралы ұмытқан жоқ. Осыған қосымша мұқтаждарға киім-кешек жинау ұйымдастырылды, оған көптеген ата-аналардың қатысты, бұндай іс шаралар қай баланы болса дақуантпай  қоймайды.  Акция барысында өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларынан 120 оқушыға көмек көрсетілді.

Акцияда  педагог ұжымыда назардан тыс  қалмай, өзбелсенділіктерін  танытты. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері кеңсе тауарларын, азық –түлік, киім және аяқ киім сатып алды. Сөйтіп мектебіміздің 30 педагогы"Қамқорлық" акциясына қатысты.

Құрметті ата-аналар, педагогтар және біздің мектептің оқушылары! Міне, "Қамқорлық"республикалық акциясы аяқталды. Қорытынды жасай отырып, біз сіздермен көп жұмыс атқардық депайтқым келеді. Осындай акцияға қатысушылардың жылдан жылғакөп болып келе жатқаны бәрімізді қуантады. Қиын уақытта көптеген отбасыларға көмек қолын созған адамдарға ризашылығымыз шексіз. Біздің еңбегіміз бекер болған жоқ. Алғыс сөздері мен бақытты көздеріңіз жақсылық, жылылық пен қамқорлық сыйлаған, бұл біздің ең басты марапатымыз.

Мектеп әкімшілігі сіздерге өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың мәселелеріне немқұрайлы қарамағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және бейбітшілік тілейміз.