Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Наурыз мейрамы...
19-03-2019 19:26
Наурыз мейрамы...

Наурыз мерекесін Қазақстанның барлық халықтары – бір-бірімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге, гүлденген мемлекет құруға ұмтылатын 130-дан астам ұлт өкілдері тойлайды. "Ұлыстың Ұлы күні" әрқашан үлкен, көлемді мереке болады. "Наурыз" - жақсылық, көктем және тазалық мерекесі. "Наурыз" мерекесі адамдардың теңдігін, бостандықты, демократияны, үлкендерге құрмет, кішіге деген сүйіспеншілікті білдіреді. Бұл күні кез келген қонақты қуанышпен қарсы алады. Қазақтар қонақжайлықпен ерте заманнан танымал. Келген қонақтарды үйдегі бар ең дәмді тағамдармен тамақтандырады. Наурыз айында кез – келген шаңырақта "Наурыз көже" дайындалады, дастархан жайып, бір-біріне қонаққа барып, сыйлықтар сыйлайды.

Біздің мектептің бастауыш сыныптарында Қазақстан халықтарының фестивалі түрінде "Наурыз мейрамы" өтті. Әр сынып өзі таңдаған ұлтын таныстырды. Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерін, костюмдерін, тағамдарын, музыкалық нөмірлерін көрсетті. Барлық халықтардың өкілдері өте әдемі және тартымды көрінді. Балаларға қонаққа атақты түркі ақыны Қорқыт-атаның жыршысы болып, ұлы даланың мерекесімен құттықтады. 4 "Б" сынып ата-анасы Анжелика Александровна Матюшконың сахнадағы көрнісі барша ата-аналарға үлкен тарту болды. Мерекелік іс-шара аса жоғары деңгейде өтті.