Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Назар аударыңыз! «Мектепке жол» акциясы!
31-07-2019 16:00
Назар аударыңыз! «Мектепке жол» акциясы!

Назар аударыңыз!

Акция

«Мектепке жол»!

Құрметті ата –аналар !

Жаңа 2019 – 2020 оқу  жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 шілдеден  30  қыркүйегіне дейін  республика бойынша «Мектепке жол» атты акция өткізу жарияланды. Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім-кешектің, аяқ – киімнің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан  мектепке келмей қалудың алдын алу  акцияның мақсаты болып табылады.

Мектеп жасындағы барлық балалар

1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.

Құрметті ата – аналар  осы акцияға қатысуға шақырамыз.

Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.

Көмекке мұқтаж балалар туралы мәліметтерді 601920, 87774496822   телефондар арқылы алуға болады.

          Әкімшілік