Конституция сабағы
Біздің мектепте "Конституция сабағы" өтті. Басты мақсаты Конституциялық-құқықтық мәдениет деңгейін қалыптастыру және арттыру болды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, алған білімдерімен бөлісті, Отан туралы мақал-мәтелдерді таңдады. Сабақ қорытындысы бойынша еліміздің игілігі мен бейбітшілігінің символы ретінде көгершіндер жасау болды.