Сұлтанбет Бахадүр Сұлтанның мұражай-үйі

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында 8Б сынып оқушылары Қазақстандағы киелі жерлері нысандарына енген Ертіс өңірінің билеушісі Сұлтанбет Бахадүр Сұлтанның мұражай-қорын аралады.Балалар экскурсия кезінде білікті дипломат, Абылай ханның сенімді серігі және немере ағасы болып келетін батырдың өмірі мен қызметі туралы Сұлтанбет Сұлтанның ұрпағы Аманжол Жөкенұлы Қамзинді ерекше қызығушылықпен тыңдады.