Жақсылық жаса
«Жақсылық жаса» акциясы аясында біздің мектептің 6 «В» сынып оқушылары көп балалы отбасыға арнап кеңсе тауарлары мен өнімдерін жинады. Көп балалы анамен жылы шай ішу барысында әңгімелесу де жылы ықыласпен өтті. Балалар әр-түрлі сұрақтар қойып, оларға жауаптарын алды. Олар осындай түрлі іс-шараларға қатыса келе, жылы сөздер мен игі істер жасау, бізді қоршағандар үшін өте маңызды екенін түсінеді.