Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әдеби сағаты
Бүгін 18 ақпанда мектебімізде Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып,өтіп жатыр. 4 «А»,4 «Б» сынып оқушыларымен де осы атаулы күнге әдеби сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушылар өте жақсы дайындалып,белсенді қатысты. Осы шараны дайындап өткізген қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері - Г.З.Макатова, А.И.Халикова.