«Өз ойыным» атты интеллектуалды ойыны
Бүгін, яғни 2020 жылдың 18 ақпаны күні Павлодар қаласының мектептерінде «Абай күні» өтті. Бұл іс-шараға біздің №26 жалпы орта білім беру мектебі де жұмыла ат салысты. Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуы қарсаңында Абайдың өмірі мен шығармашылығына бағытталған «Өз ойыным» атты интеллектуалды ойынға 7 «А» сынып оқушылары белсенді қатысты. Ойын үш тілде өтті. Бұл ойынды өткізгендер: Т.М.Ряжко ағылшын тілі мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері: А.И.Халикова, Б.А.Аманова.
Іс-шараның мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығымен тереңірек, ауқымды таныстыру. Абай мұрасын насихаттау, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу. Үш тілді білім беру дағдыларын жетілдіру.