Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Шебер city» қалалық сәндік-қолданбалы өнер байқауы өтті.
17-12-2025 15:32
Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Шебер city» қалалық сәндік-қолданбалы өнер байқауы өтті.

Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Шебер city» қалалық сәндік-қолданбалы өнер байқауы өтті.  15 желтоқсанда Балалар техникалық мектебінде байқаудың қорытындысы шығарылып, қала мектептерінен келген дарынды оқушылар бас қосты. Қатысушылар тоқыма, былғары, ағаш, металл, сүйек материалдарынан жасалған бұйымдарымен, сондай-ақ қағаз пластикасы техникасындағы жұмыстарын ұсынды.  Байқаудың қорытынды кезеңі үздік жұмыстар көрмесімен аяқталып, онда жас авторлардың шығармашылық әлеуеті, қиялы мен шеберлігі айқын көрініс тапты. Бұл байқау балалардың өзін-өзі танытуына, шығармашылық тұрғыда дамуына және дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналды.