Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Шебер city» қалалық сәндік-қолданбалы өнер байқауы өтті.
Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Шебер city» қалалық сәндік-қолданбалы өнер байқауы өтті. 15 желтоқсанда Балалар техникалық мектебінде байқаудың қорытындысы шығарылып, қала мектептерінен келген дарынды оқушылар бас қосты. Қатысушылар тоқыма, былғары, ағаш, металл, сүйек материалдарынан жасалған бұйымдарымен, сондай-ақ қағаз пластикасы техникасындағы жұмыстарын ұсынды. Байқаудың қорытынды кезеңі үздік жұмыстар көрмесімен аяқталып, онда жас авторлардың шығармашылық әлеуеті, қиялы мен шеберлігі айқын көрініс тапты. Бұл байқау балалардың өзін-өзі танытуына, шығармашылық тұрғыда дамуына және дарынды оқушыларды қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналды.
